Қаріп өлшемі:
Аб
Аб
Аб
Түс схемасы:
Суреттер:
Жолаушыларға Серіктестерге
RU Мәзір

Тарихы

1933
Қазақ басқармасы бойынша бұйрықпен Батыс Қазақстан облысында авиациялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Әуежай құрылысына жәрдемдесу комитетінің қатысуымен Хан тоғайы маңында қону алаңын жабдықтауға кірісті. К-2 ұшақтары келіп түсті, ұшқыштар мен авиация мамандары келді. Жиырма сегізінші көлік әуе жасағы жұмыс істей бастады.
1934
Орал қаласынан Соль-Илецк арқылы Ақтөбеге және Калмыково арқылы Доссорға тұрақты рейстер ұша бастады.
1935
Әуе жасақ ұжымы қаладан солтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде салынған жаңа әуежайдан ұшуды бастады. Осы кезде отандық ұшақтар келе бастады: Сталь-2, Сталь-3, К-5, П-5, Олар Жаңа Қазанға, Жәнібекке, Қаратөбеге және облыстың басқа да елді мекендеріне трассаларды игерді.
1937
Облыстың халқы мен халық шаруашылығы үшін түрлі авиациялық жұмыстарды орындайтын арнайы қолданылатын әуе жасағы ұйымдастырылды.
1948
Әуежай ұшақтарды түнде қабылдай бастады. Жаңа АН - 2 ұшақтарының келуіне байланысты, топ базасында әуе химиялық және көліктік жұмыстарды орындайтын әуе эскадрильясы құрылды.
1962
АА Қазақ басқармасы бойынша бұйрықпен 137 Біріккен әуе жасағы құрылды
1965
137 Біріккен әуежасағы АН-2, ЯК-12, МИ-1 тікұшақтарының жеке паркі болды
1983
Ыңғайлы Л-410 ұшақтары пайдалануға берілді, облыстың барлық аудан орталықтарымен және көптеген елді мекендермен тұрақты әуе көлігі байланысы ұйымдастырылды.
1993
Халықаралық комитеттің №043 шешімімен Орал Біріккен әуе жасағы "халықаралық" мәртебесін алды. Осы жылы әуе жасағы "Ақ жол" Орал авиациялық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды
2015
ЖҰҚЖ, ЖСЖЖ қайта жаңартылды, авариялық-құтқару станциясының ғимараты пайдалануға берілді.
2022
Аэровокзал ғимаратын қайта жаңарту аяқталды
Біздің сайт өз жұмысын жақсарту және статистикалық зерттеулер жүргізу үшін cookie (сайттағы пайдаланушының әрекеттері туралы аналитикалық деректер) пайдаланады. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз өзіңіздің веб шолғышыңыздың cookie файлдарын өңдеу шарттарымен және жеке деректерді өңдеуге қатысты Саясатпен келісесіз. Сіз әрқашан веб шолғыш параметрлерінде cookie файлдарын алып тастай аласыз