Қаріп өлшемі:
Аб
Аб
Аб
Түс схемасы:
Суреттер:
Жолаушыларға Серіктестерге
RU Мәзір

Орал қаласынан Тайландқа рейстер ашылды

Мәншүк Мәметова атындағы Халықаралық әуежай ұшу географиясын кеңейтті. Енді Орал қаласынан Таразда аралық аялдамамен Тайландқа ұшуға болады. Рейстер қысқы навигацияның барлық кезеңіне жарияланды.

Ең танымал курорттардың бірі Пхукетке ұшуды Scat airlines әуекомпаниясы жүзеге асырады. Аралға 10 күнде бір рет 189 туристке арналған Boeing 737 әуе кемелерімен ұшуға болады.

Орал халықаралық әуежайының бас директоры Рустам Биктимиров атап өткендей, жаңа рейс Орал мен көрші қала тұрғындарына ең танымал туристік бағыттардың бірі - Пхукет аралына оңай және ыңғайлы жетуге мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ, Орал әуежайынан тағы бір танымал курорт - Шарм-эль-Шейхке де ұша алатыңызды еске саламыз. Оған Scat әуекомпаниясы әр 10 күн сайын ұшады. Орал қаласынан ұшатын турларды қазірдің өзінде туроператорлардан сатып алуға болады.

Бұл біздің әуежайдың маршруттық желісін кеңейтудегі кезекті қадам, ол жолаушыларымызға демалу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады

Рустам Биктимиров

"Орал" Халықаралық әуежайының бас директоры

14 азан 2023 Орал халықаралық әуежайында жөндеу жұмыстары аяқталды 01 желтоқсан 2023 Орал халықаралық әуежайы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету үшін арнайы техниканы қолданысқа еңгізді
Біздің сайт өз жұмысын жақсарту және статистикалық зерттеулер жүргізу үшін cookie (сайттағы пайдаланушының әрекеттері туралы аналитикалық деректер) пайдаланады. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз өзіңіздің веб шолғышыңыздың cookie файлдарын өңдеу шарттарымен және жеке деректерді өңдеуге қатысты Саясатпен келісесіз. Сіз әрқашан веб шолғыш параметрлерінде cookie файлдарын алып тастай аласыз