Қаріп өлшемі:
Аб
Аб
Аб
Түс схемасы:
Суреттер:
Жолаушыларға Серіктестерге
RU Мәзір

Орал халықаралық әуежайы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету үшін арнайы техниканы қолданысқа еңгізді

      Орал халықаралық әуежайы терминалдың инклюзивті ортасын жетілдіруде. Жолаушыларды ыңғайлы және қауіпсіз тасымалдау үшін әуежай амбулифт сатып алды.

      Кабинаның жүк көтергіштігі 1 тоннаны құрайды. Амбулифт платформасы жолаушыларды 8 м биіктікке көтере алады, бұл оларды әуе кемелерінің кез келген түріне жеткізуге мүмкіндік береді. 3 маманнан тұратын бригада мүмкіндігі шектеул жолаушыларға қызмет көрсететін болады.

      Сіз амбулифтті қосымша өтінімсіз пайдалана аласыз. Әуежайда арнайы сүйемелдеу қызметі жұмыс істейді, оның агентін шақыру үшін аэровокзалға келгеннен кейін ақпарат сөресіне жүгіну жеткілікті. Маман сізге тіркеуден өтуге көмектесіп, жолаушыны ұшақ бортына апаратын ұшу аймағына шығарып салады. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету туралы ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (7112) 93-96-75, +7 (7112) 93-96-77.

16 қараша 2023 Орал қаласынан Тайландқа рейстер ашылды 05 қаңтар 2024 Орал әуежайына жаңа қар тазалау техникасы алынды
Біздің сайт өз жұмысын жақсарту және статистикалық зерттеулер жүргізу үшін cookie (сайттағы пайдаланушының әрекеттері туралы аналитикалық деректер) пайдаланады. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз өзіңіздің веб шолғышыңыздың cookie файлдарын өңдеу шарттарымен және жеке деректерді өңдеуге қатысты Саясатпен келісесіз. Сіз әрқашан веб шолғыш параметрлерінде cookie файлдарын алып тастай аласыз